Эквадор президенттігіне үміткерді өлтірген күдіктіні атып кетті

Тәртіп сақшылары Эквадор президенттігіне үміткер Фернандо Вильявисенсионы өлтірген күдікті атып өлтірді.

Хабарланғандай, ол тұтқындау кезінде алған жарақатынан қайтыс болды.

Бұл туралы бейсенбі, 10 тамызда жергілікті прокуратура X әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) парақшасында хабарлады.

«Қауіпсіздік қызметкерлерімен болған атыс кезінде оқ жарақатын алған күдікті қамауға алынып, ауыр халде Китодағы прокуратура бөлімшесіне жеткізілді. Содан кейін жедел жәрдем оның қайтыс болғанын растады», — делінген ведомство хабарламасында.

Вильявисенсиоға жасалған қастандық салдарынан зардап шеккендер саны тоғыз адамға дейін өсті.

Эквадор президенттігіне үміткер Фернандо Вильявисенсиоға жасалған қастандық туралы бүгін таңертең белгілі болды. Кито қаласындағы митинг кезіннде саясаткердің басына үш оқ атылды. Қазіргі президент Гильермо Лассо оның қайтыс болғанын растап, қауіпсіздік кабинетінің шұғыл отырысы басталғанын хабарлады.

Добавить комментарий