Швейцария РФ-дан алтын импорттауға тыйым салды

Швейцария Ресейге қарсы санкцияларды кеңейтіп, елге алтын әкелуге тыйым салды.

Бұл туралы Швейцария үкіметінің мәлімдемесінде айтылды.

Мәлімдемеге сәйкес, 3 тамыздан бастап «алтынды және алтыннан жасалған зергерлік бұйымдарды Ресейден сатып алуға, импорттауға немесе тасымалдауға тыйым салу» күшіне енеді.

«Аталған тауарларға байланысты кез келген қызметке тыйым салынады», — делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ, Швейцария Сбербанкке қарсы санкция салып, оның активтерін бұғаттады.

Бұл ретте, мәлімдеме мәтінінде «Ресейге қарсы салынған санкциялардың ешқайсысы үшінші елдер мен Ресей арасында ауыл шаруашылығы және азыщ-түлік тауарларының саудасына қарсы бағытталмаған» деп көрсетілген. Швейцария үкіметі ЕО сияқты азық-түлік тауарлары мен үшінші елдерге мұнай тасымалдауға байланысты операциялар үшін екі ерекшелік жасағанын айтты.

21 шілдеде Еуроодақ Украинада төңірегіндегі оқиғаларға байланысты Ресейге қатысты шектеу шараларының кезекті пакетін жариялады. Санкциялардың жаңа пакеті, атап айтқанда, «ресейлік экспорттың энергоресурстардан кейін екінші орында тұрған алтынның тікелей және жанама импортына, алтынды сатып алуға немесе тасымалдауға» тыйым салуды қарастырады.

Добавить комментарий