Бірнеше ресейлік экономист Сергей Гуриев, Константин Сонин, Сергей Алексашенконың баяндамасына сәйкес Ресейде тоқырау тұрақтылығының моделі дамуда.
Қазіргі экономикалық саясат — бұл табыс пен өмір сүру деңгейіне ғана емес, тұтастай алғанда бүкіл экономикаға жататын тұрақтылық. Бұл модель шикізат, ең алдымен мұнай мен газ экспортынан түсетін кірістердің салыстырмалы жоғары деңгейіне негізделген. 2010 — 2020 жылдар аралығында экспорттағы үлес 50-70% болды.
Ресурстарды экспорттаудан түскен кірістің бір бөлігін Ұлттық әл-ауқат қорына сақтап отырды. Бұл баға өсіп мен сыртқы дағдарыс айтарлықтай ушыққан жағдайда бюджет пен мемлекеттік сектор үшін кері салдарды жеңілдету үшін жасалды және жасала береді.
Ресей халқының басым бөлігі, әрине, мұндай экономикалық модель ұзақ уақыт өмір сүре ала ма деген мәселе алаңдатады. Экономистер өсімнің жоқтығы және тоқырау проблемаларына қарамастан, Путиннің орта мерзімді перспективада құрған үлгісінің өзі жеткілікті орнықты екеніне келіседі. Кейбір факторлардың арқасында жүйе тұрақты болып отыр.
Бірінші кезекте Ресейдің қазба байлығына тұрақты сұраныстың арқасында. Жүйеге тұрақтылық беретін екінші фактор — ішкі нарықтық экономика және қажет болған жағдайда рубльді девальвациялай отырып, валюталық бағаммен ойнау мүмкіндігі. Үшінші фактор — қазіргі президенттің, сондай-ақ ел элитасындағы өзге де тұлғалардың ауыспайтыны.
2021 жылы Ресей тоқыраудың екінші онжылдығына өткен. Батыс саясаттанушыларының пікірінше, бұл Ресейдің еуропалық елдерден жылдан-жылға артта қалуына алып келеді.
Мұндай жағдай бірегей болып табылмайды. Мысал ретінде ондаған жылдар бойы әлемдік ЖІӨ-де өз үлесін қысқартып алған Аргентинаны келтірсек болады. Аргентинада 20 ғасырдың 30-жылдары жан басына шаққандағы ЖІӨ АҚШ деңгейінің 70%-ын құрады. Аргентинада өмір сүру деңгейі бойынша АҚШ-ты қуып жететіндей мүмкіндік болды. Бірақ 2010 жылдың соңында Аргентинаның ЖІӨ-сі АҚШ-тың ЖІӨ-сінің 35%-ын ғана құрады.
Сарапшылардың айтуынша, Ресей билігі аргентиналық сценарий бойынша келе жатыр.