Испания COVID-19 жұқтырған науқастарды оқшаулаудан бас тартты

Испан билігі коронавирустық инфекцияны жеңіл немесе симптомсыз түріне шалдыққан науқастарды өзін-өзі оқшаулаудан бас тарту туралы шешім қабылдады.

Карантин талаптарын бұрынғысынша медициналық қызметкерлер, егде жастағы және жүкті әйелдер сақтауы керек.

28 наурыздан бастап Испанияда Covid-19-дың жеңіл және симтомсыз түріне шалдыққан науқастар үшін міндетті өзін-өзі оқшаулауды алып тастады, деп хабарлайды The Local.

Елдің қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі комиссиясы жеңіл түріне шалдыққан науқастар мүмкіндігінше үйден шықпай, жақындарымен байланысын азайтып, ал қажет болған жағдайда көшеге немесе қоғамдық орынға барғанда бетперде тағуды ұсынады.

Алайда, карантин талаптары инфекцияның орташа және ауыр түріне шалдыққан науқастар үшін, сондай-ақ 60 жастан асқан адамдар, иммунитеті нашарлаған адамдарға және жүкті әйелдерді қоса алғанда, жоғары тәуекел топтары үшін міндетті болып қалады.

Covid-19 тестінің оң нәтижесі бар медицина қызметкерлеріне де бұрынғысынша жеті күндік оқшаулауға кету керек.

Наурыз айының басында Испания ауру жұқтырғандармен тығыз байланыста болған адамдарды міндетті түрде оқшаулауды алып тастады.

Былтыр жазда Испанияның Конституциялық соты үй карантинін заңсыз деп таныды, ел үкіметі КС шешімін қолдады, бірақ бұл шараның қажетті екенін атап өтті.

Добавить комментарий