Грекия: Антиваксерлерге жасырын түрде вакцина салды

Грекия билігі елдегі нақты эпидахуалды және қалыптасқан ұжымдық иммунитетті бағаламақ.

Елде заң тұрғысынан ерекше жағдай орыналды, олар ақша төлеп COVID-19-ға қарсы препараттың орнына басқа екпе салуды сұрады, деп хабарлайды Keep Talking Greece.

Екпе салдыруға қарсылар вакцина салдырғаны туралы жалған сертификат алу үшін дәрігерлерге 400 еуро төлеген. Алайда дәрігерлер оларға екпе деп, вакцина салған.

Осылайша даулы жағдай қалыптасты: екпеге қарсылар пациенттің келісімінсіз медициналық қызмет көрсетілгені үшін дәрігерлерді сотқа бере алады, бірақ ол үшін пара беру мен жалған вакцина сатып алу фактісін мойындауы керек.

Енді Грекия билігі елдегі эпидахуалды және ұжымдық иммунитетті бағалауы керек. Сондай-ақ, коронавирусқа қарсы шараларды күшейтілуі мүмкін.

Добавить комментарий