«Ислам мемлекеті» көшбасшысының АҚШ-пен байланысы бар деген ақпарат пайда болды

Американдық басылымдардың бірі «Ислам мемлекеті» террористік тобының жетекшісі мен Америка Құрама Штаттары үкіметі ынтымақтастықта болғаны туралы мәліметке ие екенін хабарлады.

Жоғары лауазымды шенеуніктердің мәліметінше, 2008 жылы әлдебір «тұтқын» Әбу Ибрахим әл-Хашими әл-Курайши Вашингтонмен ынтымақтастықта болған, оларға көп мәлімет беріп, терроршылар базасының орналасқан жері туралы ақпаратпен бөліскен. Сонымен қатар, тұтқын ұйым басшыларының портретін салып, олардың қай жерде тамақтанғанды жөн көретінін айтып берді.

2019 жылы Әбу Бакр әл-Бағдадиді АҚШ өлтіргеннен кейін Әл-Қурайшы ИМ басшысы болды.

Естеріңізге сала кетейік, «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы (бастапқыда «Ирак пен Леванта Ислам мемлекеті», ИШИМ немесе араб тілінде ДАИШ деп аталған) негізінен Сирия мен Ирақ аумағында әрекет етеді.

Соңғы жылдары еуропалық елдерде бірқатар қанды лаңкестік әрекеттерді жүзеге асырған «Ислам мемлекеті» (ИМ) террористік ұйымына қарсы 2014 жылдан бері АҚШ бастауымен халықаралық коалиция күресіп келеді.

Добавить комментарий