Тікұшақтың қатты қонуы салдарынан Қазақстан ТЖМ қызметкерлерінің қаза болуына қатысты тергеу жүргізілуде.
Қылмыстық іс «Әуе көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу» бабы бойынша қозғалды.
«Аталған факт Көліктегі ПД-нің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 344-бабының 3-бөлігі, яғни абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әуе көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу бойынша тіркелді», — делінген хабарламада.
Батыс Қазақстан облысындағы Ми-8 AMT тікұшағының қатты екпінмен қону нәтижесінде зардап шеккендерді «Қазавиақұтқару» эвакуациялады.
БҚО-да орын алған тікұшақ апатына байланысты төрт адам қаза тауып, екі адам зардап шекті. Қаза тапқандардың төртеуі — ТЖМ «Қазавиақұтқару» қызметкерлері.
Қатты екпінмен қонған тікұшақтың бортында алты адам — бес экипаж мүшесі және бір «ҚазТрансОйл» АҚ өкілі болды.
23 ақпанда сағат 15:50-де Батыс Қазақстан облысы Чапурино елді мекенінен 6 шақырым қашықтықта «Қазавиақұтқарудың» Ми-8 тікұшағы қатты екпінмен қонды, ол «ҚазТрансОйл» АҚ тапсырысы бойынша құбырды айналып өтті.