Мәжіліс депутаты Берік Оспанов Шымкентте шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау мәселелері бойынша әңгімелесу аясында кәсіпкерлермен кездесті.
Бұл мәселелерді Мәжіліс депутаттары қазіргі таңда ел өңірлеріне сапарларымен бірге талқылап жатыр.
Осындай кездесулердің бірін Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Берік Оспанов Шымкент кәсіпкерлерімен өткізді. «Тассай» индустриалды аймағы мен «Оңтүстік» еркін экономикалық аймағын аралау кезінде жеңілдікті негізде несиелеу, сондай-ақ кәсіпорындарды өндірістік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Берік Оспанов атап өткендей, бүгінде шағын және орта бизнесті мемлекет тарапынан қолдау өте маңызды. Бұл, мәжілісменнің айтуынша, кәсіпкерлерге ел экономикасының дағдарыстан кейінгі дамуына тиімді үлес қосуға мүмкіндік береді.
Берік Оспанов мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың негізгі бағыттары бойынша сұрақтарға жауап беріп, Мәжіліс жұмысында тұрған заң жобалары, сондай-ақ алдағы партиялық сайлау — праймериз туралы айтып берді.
Алматы облысының тұрғындарымен бірқатар кездесулерді Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл өткізді.
Райымбек ауданында мәжілісмен «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша салынып жатқан әлеуметтік нысандарды аралап көрді. Жергілікті әкімдікте хабарлағандай, Нарынқол ауылында 80-ден астам тұрғын үй мен бірқатар әкімшілік ғимараттар салынуда. Депутат Қақпақ, Қызылшекара және Жамбыл ауылдарындағы сумен жабдықтау жүйелеріне, сондай-ақ жаңа емханалардың құрылысына ерекше назар аударды.
Сапар аясында Бақытбек Смағұл Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Баянкөл» шекара заставасында болып, шекарашылардың қызмет атқару және тұру жағдайларымен танысты.
Мәжілісмен экология мәселесіне ерекше назар аударылды. Еріктілермен бірге Бақытбек Смағұл туристер келетін сүйікті орын — Көк-Кемер шатқалын тұрмыстық қоқыстан тазарту бойынша экологиялық акцияға қатысты.