Иран билігі елде әдеп полициясына қарсы болған наразылық кезінде 300-ден астам адамның қаза болғанын айтты.
Ислам революциясы сақшылары корпусы (ИРСК) командирлерінің бірі Әмір Әли Гаджизаденің мәліметі бойынша, наразылық барысында 300-ден астам адам қаза тапқан, оның ішінде қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері бар. Ол сондай-ақ құрбандардың басым бөлігі — наразылық шарасына қатыспаған қарапайым ирандықтар екенін мәлімдеді.
Сонымен қатар, «Ирандағы құқық қорғаушылар» ұйымы (HRAI) хабарлағандай, тәртіпсіздік кезінде 451 наразылық білдіруші мен 60 қауіпсіздік қызметінің қызметкері қаза тапқан. 18 мыңнан астам адам ұсталды.
Иранда жаппай наразылық шарасы осы күзде басталды. Олар қыркүйек айында Тегерандағы метро стансаларының бірінде әдеп полициясы хиджабты дұрыс кимегені үшін ұсталған Махса Аминидің өлімінен кейін болды. Ұсталғаннан кейін бірнеше күн өткен соң ол қайтыс болды.