Германияның Қорғаныс министрі Бундесверді «толық жауынгерлік әзірлік деңгейіне» келтіріп, қайта жандандыруға ниетті екенін мәлімдеді.
Кристина Ламбрехт Берлиннің Шығыс Еуропағы одақтастарымен бірге екенін және Киевке қару-жарақ жеткізуді қолдайтынын атап өтті
Ол НАТО Украинадағы қақтығысқа араласпайтынын айтып, Бундесвердің жауынгерлік әзірлігін қайтаруға уәде берді. Бұл туралы ол сәрсенбі күні Бундестагта сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
«Біз альянс ретінде қақтығысқа араласпаймыз», — деді министр. Дегенмен, оның айтуынша, Берлин Киевке қару-жарақ жеткізуді қолдайды.
«Біз Шығыс Еуропадағы одақтастарымызбен біргеміз», деп ГФР Қорғаныс министрлігінің басшысы Ресей «бұрыннан қоқан-лоқы көрсетіп келе жатқанын» баса айтты.
«Бұл қоқан-лоқыларға сақтықпен қарау керек», — деп атап өтті Ламбрехт.
«Біз Бундесверге толық жауынгерлік әзірлікті келтіреміз», — деп елдің қарулы күштерін қолдау мақсатында 100 млрд еуро көлемінде арнайы қор құылатынын айтты.
24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донбасс республикасы басшыларының өтінішіне жауап ретінде Украинада арнайы операция жүргізу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Ол Мәскеудің жоспарына Украина аумағын оккупациялау кірмейтінін, оның мақсаты елді демилитаризациялау және денацификациялау екенін атап өтті.