Иманғали Тасмағамбетовтың әлеуметтік желілерде парақшасы жоқ

Бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік, ал қазір зейнеткер Иманғали Тасмағамбетов әлеуметтік желілерде өзінің атынан ашылған барлық парақшаларды фэйк деп мәлімдеді.

Иманғали Тасмағамбетов Стопфейк басылымына әлеуметтік желілерде парақшалары жоқ екенін және оның атынан ашылған аккаунттардың оған қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Мысалы, Instagram-дағы осындай аккаунттардың бірі tasmagambetov_official парақшасына 45 мыңнан астам адам жазылған, екіншісі – imaangali_tasmagambetov – жазылушыларс аны мыңнан асады. Facebook-те де оның атынан парақшалар ашылған.

Иманғали Тасмағамбетов әңгіме барысында Stopfake.kz-ке бұл аккауеттарға қатысы барын жоққа шығарды. Ол әлеуметтік желілерде парақшалары жоқ екенін айтты:

«Құрметті достар!

Соңғы уақытта әлеуметтік желіде менің атымнан түрлі тақырыпта арандатушылық ақпарат жүктелген жалған аккаунттар мен парақшалар пайда болып жатыр. Сөз жоқ, бұл жеке менің абырой-беделімнен бөлек, әрбір азаматтың ғаламтордағы қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатерді көрсетеді. Ресми түрде мәлімдеймін, менің әлеуметтік желіде ешқандай парақшам жоқ. Баршаңыздан мұндай арандатуға қарсы тұрып, жалған ақпарат таратпауларыңызды сұранамын.

Құрметпен, Иманғали Тасмағамбетов».

Добавить комментарий