Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

Рим папасы Қазақстанға сапармен келетінін растады

12 апреля 09:34 / Опубликовано в Саясат

Рим папасы Франциск әңгімелесу барысында президент Тоқаевқа Қазақстанға сапармен келетінін растады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс режимде Рим Папасы Францискпен келіссөз жүргізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Ватикан арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың перспективалары, сондай-ақ конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогты ілгерілету мәселелері талқыланды», — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Биыл қыркүйек айында елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің күн тәртібіне баса мән берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл форумның Қазақстан үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Президент конфессияаралық келісім мен бірліктің қазақстандық моделі туралы айтты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Рим Папасына Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар жөнінде мәлімет берді.

Рим Папасы кездесуге мүмкіндік бергені үшін Президентке ризашылығын білдіріп, Қазақстанға ресми сапармен келетінін, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысатынын растады. Сондай-ақ өзінің Қазақстанға сапары мен алдағы уақытта өтетін форумнан үлкен үміт күтетінін жеткізді.

«Мен дінаралық диалогты, мемлекеттердің бірлігі мен жақындасуын ілгерілету тұрғысынан осы келелі жиынды тағатсыздана күтемін. Мұның қазіргі уақытта мәні өте зор», — деп мәлімдеді Католик шіркеуінің басшысы.

Понтифик қазіргі күрделі геосаяси жағдай кезінде әлемде бірлік пен келісімге қол жеткізудің аса маңызды екенін атап өтті.

«Сіздің еліңіздің қаншалықты әралуан және тұтас екенін көріп отырмыз. Бұл – тұрақтылықтың негізі. Қазақстанда бұған түсіністікпен қарайтынына қуаныштымыз. Қолдау көрсетемін. Оған сенуіңізге болады. Сіздің күш-жігеріңізді бағалаймын», — деді Рим папасы.

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қасиетті Тақпен рухани келісім және өзара құрмет көрсету саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілді екенін нақтылады.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: Ақорда, Ватикан, Рим Папасы, Франциск, Қасым-Жомарт Тоқаев

Читать ещё

Қазақстан Президенті Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның басшысын қабылдады
Мамин мен Мишустин телефон арқылы сөйлесті
Парламент басшыларының кездесуі алаңында Валентина Матвиенко мен Мәулен Әшімбаев кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • ҚР-да 35 мыңға жуық ресейлік ЖСН алды

    Ресейліктер қазақстандық Халыққа қызмет көрсету...
  • Қазақстанда алдағы үш тәулікте бұршақ және қатты жаңбыр жауады

    Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда қатты ж...
  • Тәжікстанда терроризмге қарсы арнайы операция басталды

    Тәжікстан ІІМ елдің шығысында терроризмге қарсы...
  • Қазақстанда COVID-19 байланысты енгізілген барлық шектеу шаралары алынып тасталды

    Қазақстанда коронавирустық инфекцияға байланыст...
  • Бетонды жолдарға асфальт төселеді

    Қазақстанда бетон жолдарына асфальт төселеді де...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: