ИГИЛ генерал Сүлейманидің зиратындағы жарылыстар үшін жауапкершілікті өз мойнына алды

ИГИЛ террористік ұйымы Иранның Керман қаласындағы зиратта болған жарылыстар үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. Аталған топтың Telegram-арнасында жарияланған мәлімдемесіне сәйкес, теракт 2020 жылы Бағдадта АҚШ-тың әуе соққысы кезінде қаза тапқан генерал Қасым Сүлейманидің зиратының жанында жасалған.

Оқиға 3 қаңтарда, генерал қайтыс болғанына төрт жылдығында орын алды. Сүлейманидің зираты маңында екі жарылыс болып, салдарынан оны еске алуға жиналған көптеген адам зардап шекті.

Қазіргі уақытта ирандық ресми дереккөздер 84 адамның қаза болғаны және 220 адамның жарақат алғанын хабарлады, бірақ бұл көрсеткіш өзгеруі мүмкін. Терактіден кейін бірден ресми Тегеран жарылыс қашықтан басқарылған болуы мүмкін екенін болжады, бірақ артынан жарылыстарды жанкештілер жасады деген деректер пайда болды.

Иран Израильдің арнайы қызметтерін террорлық шабуыл жасады деп жария түрде айыптады. Генерал Сүлеймани басқарған Ислам революциясы күзетшілері корпусының «Кудс» бөлімшесін АҚШ террористік ұйым деп атады. Пентагон мәлімдемесіне сәйкес, Сулеймани және оның қоластындағы адамдар америкалық және коалициядағы әскери қызметшілердің өліміне жауапты.

Добавить комментарий