Ғибадат мекемелері, сұлулық салондары мен фитнес-орталықтар демалыс күндері жұмыс істейді

2020 жылдың 14 қыркүйегінен бастап Қазақстанда карантиндік ережелерді жеңілдету жұмыс істей бастайды. Мұндай шешім Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында қабылданды.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруды ескере отырып және жұмыс күндері келушілердің ағымын төмендету мақсатында демалыс күндері:

сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық қызмет көрсететін объектілер (алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 шаршы метр);

фитнес-орталықтар, спорттық-сауықтыру орталықтары, жаттығу залдары, спорт кешендері, СПА-салондар, сауналар, бассейндер (толтырылуы 30% -дан аспайды, бірақ 50 адамнан аспауы керек, алдын ала жазылу, бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау);

діни объектілер (жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізбей).

Ведомствоаралық комиссияның отырысы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдармен, «Атамекен» ҰКП және отандық тауар өндірушілермен бір реттік медициналық бетпелердіу шекті бөлшек сауда бағасы 80 теңгеден 60 теңгеге дейін, яғни 25%-ға төмендетілді, — деп жазады премьер-министрдің ресми сайты.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдармен байланыссыз үшінші тоқсан алушыларына 2020 жылдың төртінші тоқсанында атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындауды автоматты түрде ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұл шара мемлекеттік органдарда адамдардың жаппай жиналуын болдырмауға, сол арқылы азаматтардың коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары басқа да бірқатар тапсырмалар берді.

Добавить комментарий