І жартыжылдықта ЕАЭО-да ЖІӨ өсімі 4,5%-ды құрады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінің экономикасы біртіндеп қалпына келе бастағанын атап өтті.

«Одақ мемлекеттерінің экономикасы біртіндеп қалпына келе бастағаны қуантады. Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметіне сәйкес, биылғы бірінші жартыжылдықта Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердегі ішкі жалпы өнімнің өсімі 4,5 пайыз болды. Ішкі жалпы өнімнің жиынтығы шамамен 900 миллиард долларға жетті. Бұған қарамастан, белгісіз сыртқы қатерлер мен факторлардың қаупі жоғары», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) отырысында.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті пандемиямен күрестегі айтарлықтай табыстарға қарамастан ЕАЭО елдері әлі де күрделі жағдайда екенін атап өтті.

«Коронавирустың жаңа штаммдарының пайда болуы және халықтың толық вакцина алмауы сияқты түйткілді жағдайлар әлі де бар. Қазақстан Ресей Федерациясы сияқты өз вакцинасын – QazVac екпесін әзірлей алды. Вакцина Қазақстанда жаппай салынуда. Қазір оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеу үдерісі жүріп жатыр», — деп хабарлады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыған байланысты ол пандемияны сәтті еңсеру үшін күш біріктіру керек деп санайды. Атап айтқанда, ғылым мен фармацевтика салаларындағы бірлескен жобаларды әзірлегеніміз жөн, қажет болған жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық режимдерді белгілеу жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру қажет.

«Сонымен қатар, ШЫҰ-мен ынтымақтастықты белсенді түрде арттыру маңызды. ұл бағытта алғашқы және аса маңызды қадам жасалды. Биылғы қыркүйекте Еуразиялық экономикалық одақ пен ШЫҰ арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Жаңа сауда бірлестігі – Жан-жақты қамтылған өңірлік экономикалық серіктестікпен өзара іс-қимылдардың жолдарын пысықтаған жөн болар еді, оны қысқаша түрде ЖӨЭС деп атайды», — деп еске салды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, ЖӨЭС құру туралы келісімге 2020 жылдың 15 қарашасында Ханойда қол қойылған болатын, ол еркін сауда аймағын құруды көздейді.

«Яғни, аталмыш ұйым басқа елдермен ынтымақтастыққа әрдайым ашық. Ол 10 мемлекетті қамтиды — Бруней, Вьетнам, Индонезия, Камбоджа, Лаос, Малайзия, Мьянму, Сингапур, Таиланд, Филиппин, сондай-ақ еркін сауда-саттық туралы келісімге қол қойған бес мемлекет — АСЕАН да бар.

Добавить комментарий