Нидерланды Еуропадағы ең ірі газ кен орнын жабуы мүмкін


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/01/speech-46823-1674455104-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Нидерланд билігі биыл, 2023 жылы Еуропадағы ең ірі газ кен орнын жабуды жоспарлап отыр. Қауіпсіздік тұрғысына байланысты осындай шешім қабылданды.

Бұл туралы Financial Times хабарлады.

Басылым шенеуніктерге сілтеме жасай отырып, Нидерланды үкіметі 1 қазанға дейін Гронинген сейсмикалық қауіпті газ кен орнын жабуды жоспарлап отырғанын атап өтті, бірақ осы қыстан кейін Еуропада газ тапшылығы бола ма, жоқ па екенін қадағалайды.

Кен өндіру өнеркәсібі мәселелері жөніндегі мемлекеттік хатшы Ганс Вилбрифтің айтуынша, қажет болған жағдайда кен орны жұмысын 2024 жылдың қазанына дейін жалғастырады.

Нидерландының солтүстік-шығыс өңірінде, Германия шекарасына жақын жерде орналасқан газ кен орны өз потенциалының бір бөлігін ғана өндіреді. Дегенмен, былтыр жазда үкімет өндірісті ұлғайту бойынша қысымға ұшырады, оған Ресейдің Украинаға басап көктеп кіруі Еуропада айтарлықтай газ тапшылығын тудырды.

Добавить комментарий