Шекарада бірнеше жыл тұрып қалған астық пен құрама жем «кіргізілмейтін» болды.
Қазақстандық экспорттаушылардың тауарлары Аспан асты елімен арадағы шекарада тұрып қалды. Өткізу пунктінде Достық және Алтынкөл стансаларынан әртүрлі тауар тиеп шыққан сегіз мыңдай вагон қаңтарылып тұр.
Қазақстан үкіметі бұл Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы әкімшілігінің санитарлық-эпидемиологиялық шараларды күшейтуіне байланысты деп мәлімдеді.
Алайда Астық өсірушілер одағы бұл мәселені шешуге болады деп есептейді.
«Оларға Қазақстан арқылы өтетін транзиттік дәліз қажет. Ал біз оны өз вагондармен, контейнерлермен толтырамыз. Олар: «Сіздерде коронавирус бар» дейді. Олар қорқатын сыңайлы. Бірақ, бұл жалғыз себеп емес, шын мәнінде, себеп басқа – біз олардың қозғалысын біздің транзитпен жабамыз. Олар транзитті ұлғайту керек. Қазір тасымалдауда өте күрделі проблемаларға тап болды. Біздің вагондар оларға кедергі келтіреді. Ал бұл өткен жолы вагондарды қайтарған кезде ештеңе істей алмаған шенеуніктеріміздің жауапсыздығы, бұл жолы жағдай тағы қайталанады. Бұл өзара қарым-қатынас қағидаты болмайынша жалғасады — сіз біздің вагондарымызды өткізбеңіз, біз — сіздердің вагондарыңызды өткізбейміз. Ол үшін күш пен ерік жігер қажет», — деп мәлімдеді «Қазақстан астық одағы» ЗТБ ресми өкілі Евгений Карабанов.
Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, республикада астықтың барлық дерлік бөлігі жиналды. Тек солтүстіктің кейбір өңірлері ғана қалды, онда толастама жауға жауын-шашын астық жинауға кедергі келтірді.
Ведомствода хабарлағандай, құрғақшылық салдарынан Қазақстанда астық түсімі 20 пайызға қысқарды.