Херсон УҚК үшін маңызды жеңіс

Херсон — әскери тұрғыдан ғана емес, саяси тұрғыдан да маңызды қала. Бұл Ресей әскері Украинада басып алған жалғыз облыс орталығы. Ресейдің бақылауында аянышты жағдайда болмаған жалғыз қала. Ресей мәңгі қаламыз деген қала.

Аталған облыс орталығын басып алу Николаев пен Одессаға шабуыл жасауға мүмкіндік берді. Украина Қарулы Күштерінің қиян-кескі тойтарыс беруіне байланысты ресейліктер Херсоннан алға жылжи алмады.

Херсон соғыс қимылдары басталғана басып алынды, 9 қарашада — РФ өз әскерін қаладан шығару туралы шешім қабылдады. Украиналық әскери сарапшылар УҚК-ның батыл шабуыл әрекеттеріне байланысты осындай жеткістікке қол жеткізілгенін мәлімдеді.

Сергей Суровикин мен РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгу 9 қарашада Херсон ауданындағы Ресей әскерлері Днепрдің оң жағалауынан сол жағалауына шегінгенін хабарлады.

Украиналық сарапшылар Херсоннан әскерін шығару шығу РФ үшін теріс салдары болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Херсон соғыс қимылдары басталғана басып алынды, 9 қарашада — РФ өз әскерін қаладан шығару туралы шешім қабылдады

«Біріншіден, ресейліктер, әсіресе соғысты қолдайтындар, әсіресе жартылай басып алынған Украина жерлері — Луганск, Донецк, Запорожье және Херсон облыстары қайтарылғаннан кейін бұл жаңалықты айтарлықтай ауыр қабылдауы мүмкін. Айта кету керек, жаңа аумақтардың қосылуы ресейлік азаматтарды ерікті түрде мобилизациялауға ынталандыру болу керек еді. Сондай-ақ, қаза тапқандардың туыстары кінәлілерді іздестіре бастауы мүмкін, бұл соғысқа қарсы наразылық шараларының жаңа толқынын тудырады.

Екіншіден, қаланы азат ету Украинаның Қарулы Күштеріне үш маңызды жолды бақылауында ұстауға мүмкіндік береді, атап айтқанда, ресейліктер Қырымға техника мен оқ-дәрілерді жеткізетін жолды», — деп есептейді әскери сарапшылар.

«Әскерді Херсоннан шығару туралы шешім Мәскеудің көршілес тәуелсіз мемлекетте басталған соғыстың ресми түрде мәні жоғалғанын көрсетеді, — деп жазады украиналық саясаттанушылар. — Ресей үшін Украинаға қарсы соғыс бастау туралы шешім әскери, саяси және экономикалық шығындар әкелді «.

Добавить комментарий