Қазақстандық іздестіру тобы Харьков түбіндегі операцияға қатысты. Ақмола атты әскер дивизиясының соғыс қимылдары аймағында 116 жсарбаздың мәйіті табылды. Оларды алдағы уақытта анықтау қажет.
Харьков облысында Қазақстан мен Украинаның іздестіру тобы 106-шы Ақмола атты әскер дивизиясының соғыс қимылдары аумағында 116 116-ға жуық офицерлер мен сарбаздардың мәйітін тапты. Қазақстанның Украинадағы елшілігінде іздесу экспедициясының мүшелерімен кездесу өтті, делінген елшіліктің сайтында.
«Мемориалдық аймақ» ҚҰ төрағасы Майдан Құсайынов пен «Көкше-Іздеу» әскери-патриоттық іздеу клубының үш өкілінен тұратын қазақстандық іздестіру тобы Еркінбек Абдуллин, Ермек Рахимов, Мейрамбек Тілеубай 1942 жылы кеңес әскерлері Харьков облысы Балаклей ауданы Лозовенька, Степок, Пантелеев және Красная Балка ауылдарының маңында «Барвенковский қазаны» қоршауынан шығуға аттанған аймақта екі апта жұмыс жасады.
Іздеу жұмыстары «Барвенково қазаны» деп аталатын ауданда жүргізілді.
Қазақстандық іздестіру тобы іздеу жұмыстарын осы жылы басқарған Ярослав Жилкин жетекшілік ететін «Халық жады» одағы» бүкілукраиналық қоғамдық бірлестігінің құрамында жұмыс істеді.
«Барлығы 116-ға жуық офицерлер мен сарбаздардың мәйіттері табылды, оларды алдағы анықтау қажет. Олардың тек бестен бірінде ЖСБ — жеке сәйкестендіру белгілері болды. Украиналық іздестіру тобының 5 жылдық жұмысында 500-ге жуық мәйіттері табылған болатын. Дегенмен, бұл аймақта санитарлық көмулер әлдеқайда көп. Іздестіру тобының мәліметінше, бұл аймақта қаза тапқан сарбаздар саны ондаған мың болуы мүмкін», — делінген хабарламада.
Іздеу жұмыстарына «Мемориалдық аймақ» ҚБ төрағасы 79 жастағы Майдан Құсайынов қатысты/Фото Қазақстанның Украинадағы елшілігінің сайтынан алынды.
Іздеу жұмыстарының жетекшісі Ярослав Жилкин қазақстандық іздестірушілерге картографиялық және тарихи материалдар үшін алғысын білдірді, оған сәйкес сол кезеңде осы өңірде соғысқан сарбаздардың сүйектері жиналатын ең ықтимал орындар көрсетілген. Бұл әскерлер неміс қоршауынан шығып бара жатқан жерлер.