Халықаралық ғарыш станциясына қазақстандық ғарышкер аттануы мүмкін

Қазақстан Халықаралық ғарыш станциясына отандық ғарышкерді жіберуі мүмкін, деп хабарлады ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин. Нақты кандидат туралы шешім әлі қабылданған жоқ, бірақ осы миссия үшін ғылыми бағдарламаларды бағалау жүріп жатыр.

Мусин қазір ғарышкерді даярлау үшін қажетті ғылыми бағдарламаларды айқындау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. «Біз ғылыми институттармен жұмыс істеп, ХҒС-дағы алтыншы бағдарлама аясында зерттеу тізбесін қалыптастырып жатырмыз. Ғылыми бағдарлама таңдағаннан кейін ғана біз қазақстандық ғарышкерді ХҒС-ға жіберу мерзімдері мен егжей-тегжейін анықтаймыз», — деді ол.

Ол сондай-ақ ғылыми бағдарлама таңдалған соң, лайықты ғарышкерд белгілі болатынын атап өтті. Мусин қаржыландыруға және серіктестік қатынастарға байланысты екенін айтып, нақты іске асыру уақытын атамады.

 

Добавить комментарий