Үкіметтің киберқауіпсіздік жөніндегі орталығы әзірге оқиғаның егжей-тегжейін анықтап, ақпарат жинауда
Болжам бойынша, Ресейдің хакерлері ел азаматтары мемлекеттік қызметке өтініш беретін жапондық E-gov үкіметтік порталына кибер шабуыл жасады. Бұл туралы сейсенбі күні NHK телеарнасы осындай мәлімдеме жасады.
Оның дереккөздерінің мәліметінше, үкіметтік киберқауіпсіздік орталығы оқиғаның егжей-тегжейін анықтап, ақпарат жинап жатыр. Мамандар түс ауа бірнеше үкіметтік порталдарға кіруде проблемалары болғанын растады. Қазіргі уақытта E-gov сайты қол жетімді.
Бұл ретте, әлеуметтік желіде Killnet тобы жасалған мәлімдеме жарияланды, онда хакерлік топтың E-gov-ға шабуыл жасағаны айтылады. Сондай-ақ eLtax салық порталы мен JCB төлем жүйесінің сайтына жасалған шабуыл жасалғаны айтылған. Аталған сайттар қазір қол жетімді емес.
Жапондық тараптың осы сайттардың жұмысындағы проблемалар мен кибершабуылдар арасындағы ықтимал байланыс туралы ресми мәлімдеме жарияланбады.
Сонымен қатар, ондаған Twitter қолданушылары жапондық Mixi әлеуметтік желісінің сайтына кіре алмай отырғанын айтып шағымданды. Ол қазір қолжетімді емес. Бұл кибер шабуылдарға байланысты ма, жоқ па әзірге белгісіз.