ХҚКО тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметін көрсете алмай отыр

Қазақстандық ХҚКО-ларда азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметін көрсете алмай отыр. Қызметкерлер бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық ақау шықты дейді.

“Жылжымайтын мүлік тіркелімі” мемлекеттік деректер қоры тарапынан осы жүйе жұмысының техникалық ақаулары тіркелді, бұл “Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу” және “Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару” қызметтерін көрсетудің қол жетімсіздігіне әкелді.

«Мұндай ақаулар мемлекеттік дерекқоры жаңартылғаннан кейін кезең-кезеңімен болады. Реттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін көші-қон қызметі тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеуден шығару бойынша көрсетілетін қызметтерді қайта іске қосылатын болады», — деп хабарлады ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті.

Деректер базасын техникалық қамтамасыз етуге Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жауапты. Қызметкерлер ақауларды жою бойынша жұмысты бастады.

Добавить комментарий