Талдықорған: Аз қамтылған жандарға арналған тігін цехы ашылды

Талдықорғанда аз қамтылған және көп балалы аналар Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қоғамның ең осал топтарының өкілдерімен кездескеннен кейін ашылған тігін цехына жұмысқа орналасты.

Былтыр көп балалы аналар бірнеше рет митингілер мен наразылық шараларына шығып, жұмыс орындарымен қамтамасыз етуді талап еткен. Сол кезде оларға қоғамдық ұйым құруға және барлығымен бірдей мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға кеңес берілді.

Осыдан екі ай бұрын әйелдер Амандық Баталовқа қайта жүгінді. Олар өз фирмаларын құрып, тігін цехын іске қосу үшін жабдықтар сатып алуға көмек көрсетуді сұрады. Аймақ басшысы бұл бастаманы қолдап, жақын арада керекті орын тауып беруге және тігін машиналарын және басқа да жабдықтар сатып алуға көмектесетініне уәде берді. Уәде ұзаққа созылмады және күні кеше оның салтанатты ашылу рәсімі өтті.

«Цех ателье форматында жұмыс істеп, әйелдер мен ерлер киімдерін, арнайы киімдерді тігумен, кез келген күрделі бұйымдарды қалпына келтірумен мен жөндеумен айналысатын болады», — деп хабарлады кәсіпорынның ресми өкілі.

Добавить комментарий