АҚШ Президенті Джо Байден мен Рим Папасы Франциск телефон арқылы сөйлесу барысында Газадағы жағдайға байланысты шұғыл мәселелер талқыланды.
Ақ үйдің жариялаған жазбаша мәлімдемесінде Газадағы гуманитарлық дағдарысты жеңілдету үшін гуманитарлық көмекті жеткізуді, сондай-ақ осы өңірдегі қақтығыстың күшеюін болдырмаудың маңыздылығы талқыланғанын атап өтті.
Байден палестиналық ХАМАС қозғалысының Израильге жасаған шабуылын айыптап, Газа секторындағы бейбіт халықты қорғау қажеттігін атап өтті. Өз кезегінде Рим папасы Украинаны қоса алғанда, әлемнің түкпір-түкпіріндегі қақтығыстарды тоқтатуға шақырып, Палестина-Израиль қақтығысының шиеленісуіне алаңдаушылық білдірді.
ХАМАС 7 қазанда Израильге шабуыл жасағаннан кейін Таяу Шығыстағы жағдай күрт шиеленісті, бұл Газаның толық қоршалуына және осы секторға, сондай-ақ Ливан мен Сирияның кейбір аудандарына Израиль тарапынан соққы жасалуына алып келді. Қақтығыстар Иордан өзенінің батыс жағалауында да орын алған.