ГФР канцлері Батыстың Украинаға көмегін жеткіліксіз екенін айтты

Германия канцлері Олаф Шольц Еуропалық одақ елдерін Украинаға қаржылай көмекті ұлғайтуға шақырып, 2024 жылға арналған қазіргі қолдау жоспарларын жеткіліксіз деп атады. Шольц әріптестерімен белсенді келіссөздер жүргізіп, әрбір ел Украинаның қорғанысын қамтамасыз ету үшін өз үлесін арттыра алатынын айтты.

Ол Украинаға қорғаныс үшін не керк болса бәрі керек екенін және әуе шабуылына қарсы қорғаныс, артиллерия, танктер мен оқ-дәрілер үшін қаражаттың жетіспеушілігіне қатысты алаңдаушылық қажеттігін атап өтті. Шольц ГФР қазіргі уақытта Украинаға Еуропадағы барлық әскери көмектің жартысынан астамын жұмсағанын атап өтті.

Канцлер сондай-ақ трансатлантикалық ынтымақтастықты қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, Еуропалық одақтың атом қаруна иелік ету идеясын құмтамады.

Добавить комментарий