Британия Украинаға шабуыл динамикасын сақтап қалуға кеңес берді

Британияның қорғаныс министрі Украина қыста шабуыл динамикасын сақтап қалуы тиіс деп мәлімдеді.

«Украиналықтардың деморализацияланған, нашар даярланған, нашар жабдықталған ресейліктерге қарағанда даярлығы, техникасы мен жеке құрамының сапасы жоғары екенін ескере отырып, Украинаның мүддесі үшін қыс бойы шабуыл динамикасын сақтап қалу керек», — деді Уоллес The Daily Beast-ке берген сұхбатында.

Воллес УҚК халықаралық қауымдастықтан қысқы киімдердің 300 мың жиынтығын алғанын атап өтті, олар қыста шабуыл жасау үшін маңызды қажеттілік болып табылады.

Ол сондай-ақ Ресей әскерінің нашар жабдықталғанын айтты.

«Ресейлік бөлімше таяуда тамақсыз, шұлықсыз және аздаған қару-жарақпен қалды. Бұл соғыс алаңындағы адам үшін аянышты жағдай. Орыстардың ауқымы зор, бірақ олар онша жақсы емес. Жақсыларының көбі жер жастанды», — деді британдық қорғаныс министрі.

 

Добавить комментарий