ГФР Сыртқы істер министрлігінің өкілі Украинаның шығысындағы қақтығысты тоқтатуға шақырды.
Андреа Зассе соңғы күндері аймақта атыс-шабыс жиілеп кеткенін, осыған байланысты Германия СІМ Украинаның шығысындағы қақтығысқа қатысушыларды әскери іс-қимылдарды тоқтатуға шақырды.
СІМ соңғы күндері шиеленісті жағдайдың дамуына алаңдаушылық білдіріп, дипломатиялық күш-жігерді талап етті. Бұл туралы сәрсенбі күні Берлинде журналистерге ведомство өкілі Андреа Зассе мәлімдеді.
«Біз Украинаның шығысындағы соғыс қимылдардың күшеюіне және Украинаның Бас штабының қарулы күштер артиллериялық атыс пен сарбаздың өлтірілуіне жауап ретінде «Байрактар» дронды қолданғаны туралы хабарламаларына алаңдаушылық білдіреміз», — деді ол. Оның айтуынша, ұшқышсыз ұшу аппараты «барлық тарап» қолданады, ал бұл ЕҚЫҰ Арнайы мониторингтік миссиясына (АММ) ғана рұқсат етілген.
Зассе сондай-ақ, ЕҚЫҰ мәліметтері бойынша, «соңғы күндері ауыр қару-жарақ қолдану жағдайлары жиілеп кеткенін», бұл Минск келісіміне қайшы келетінін айтты. «Барлық тарапты қақтығысты тоқтатуға шақырамын, соңғы бірнеше күннің ішіндегі оқиғалардың дамуы барлық тарапқа саяси келіссөздер аясында сындарлы әрекет ету керек екенін көрсетті», — деді ол.
ГФР СІМ өкілі «норманд форматындағы» ықтимал кездесу қандай сатыда екенін нақты айтпады.
Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы бұған дейін украиналық әскерилер Донбасста тұңғыш рет түріктердің «Байрактар» ұшқышсыз ұшу аппаратын қолданғанын растаған болатын.