Неміс теміржолшылары локомотив машинистерінің одағы (GDL) қабылдамаған Deutsche Bahn ұсынысына жауап ретінде ел тарихындағы ең ұзақ ереуілге шығатынын жариялады. 24-29 қаңтарда барлық Deutsche Bahn компаниялары өз жұмысын тоқтатады және бұл жалақы туралы қазіргі келіспеушіліктер аясында төртінші ереуіл болады.
ГФР көлік министрі Фолькер Виззинг теміржолшылардың әрекетін жауапсыз деп жариялап, осындай ұзаққа жалғасатын ереуілге наразылық білдірді.
Машинистер кәсіподағы жұмыс аптасын қысқарту, жалақы мен сыйлықақыны арттыру сияқты бірқатар талаптар қойып отыр. Бұған жауап ретінде Deutsche Bahn 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс аптасын қысқартуды, жалақыны және сыйлықақыны көтеруді ұсынды. Алайда, компанияның ұсынысы теміржолшыларды қанағаттандырмады, сондықтан олар жаппай ереуілге шығуды ұйғарды.