Польша Президенті украиналық әскери қызметкерлермен кездесті

Польша Президенті мен Қорғаныс министрі сейсенбі күні немістің Leopard 2 танктерін қолдануды үйрену бойынша даярлықтан өтіп жатқан украиндық танкистермен кездесті.

Президент Анджей Дуда мен Қорғаныс министрі Мариуш Блащак Польшаның оңтүстік-батысындағы Свентошувтегі әскери база мен сынақ полигонында Leopard 2-мен жүргізіліп жатқан оқу-жаттығуды бақылады. Свентошувте польшалық 10-шы броньды танк бригадасы орналасқан.

«Біз одақтастық қызметті украиндықтарға қару-жарақ пен гуманитарлық көмек көрсетіп қана қоймай, украиндық сарбаздарды өз Отанын батыстық сауыт-саймандармен жақсы қорғау үшін үйретіп жатырмыз», — деп мәлімдеді Анджей Дуда.

Дуда одақтастарына сауыт-саймандар бергені үшін алғыс білдіріп, көп ұзамай броньды танк бригадасы Украинада болатынына сенім білдірді.

Хабарланғандай, Польшаға Leopard 2 танктерін қолдануды үйрену үшін 105 украиналық әскер келген.

Польша Украинаның ең белсенді жақтастарының бірі және Еуропа елдерін Leopard 1 және 2 танкілерін беруге итермеледі.

Бұған дейін хабарланғандай, Польша Leopard 2 экипажын бес апта ішінде даярламақ.

Добавить комментарий