Германияда 200 мыңнан астам украиндық бала оқып жатыр

Германияда Украинадан келген 200 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр.

Олардың барлығы соғыс салдарынан үйлерін тастап кеткен.

Киевте өткен брифингте ГФР Білім және зерттеу министрі Беттина Штарк-Ватцингер 2023 жылдың басындағы жағдай бойынша Германияда соғыс қимылдары салдарынан бас сауғалап қашқан шамамен 203 мың украиндық бала оқуын жалғастырып жатқанын хабарлады.

Оның айтуынша, оқушылар Германияда украин тілінде білім алу мүмкіндігіне ие.

«Әрине, балақайлардың өз отанымен байланысын жоғалтпағанын қалаймыз. Сондықтан біз оларға украин тілінде білім алуына мүмкіндік береміз. Ірі қалаларда жергілікті украиналық ұйымдар балаларға арналған жексенбілік мектептер ашты, ал көбісі украиналық мектептерде қашықтықтан оқуды жалғастыруда», — деді ол.

Еске сала кетейік! Германияның Білім министрі Беттина Штарк-Ватцингер 6 ақпанда Киевке сапармен барды.

Добавить комментарий