Шри-Ланка: Төтенше жағдай жарияланды

Президенттің міндетін атқарушы Шри-Ланка премьер-министрі Ранил Викрамасингхе ТЖ «қоғамдық қауіпсіздік, тәртіпті сақтау және халықтың өміріне қажетті қызметтер мен жеткізілімдерді қолдау мүддесі үшін» енгізілетіні туралы мәлімдеме жасады.

Президенттің міндетін атқарушы Шри-Ланка премьер-министрі Ранил Викрамасингхе республикада төтенше жағдай режимін енгізді.

Уикрамасингхенің дүйсенбі күні жарияланған жарлығында төтенше жағдай «қоғамдық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғам өміріне қажетті қызметтер мен жеткізілімдерді қолдау мүддесі» үшін енгізілгені айтылған.

Шри-Ланкада 9 шілдеде, наразылық білдірушілер Мемлекет басшысы мен премьер-министр резиденциясын басып алғаннан кейін саяси жағдай шиеленісіп кетті. Жаппай наразылық акциялары елдің экономикалық жағдайының күрт нашарлауынан туындады. Шри-Ланкада шетел валютасының, жанармай мен мұнай өнімдерінің, тыңайтқыштардың, азық-түлік өнімдерінің, сондай-ақ дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі қатты сезіледі.

15 шілдеде Шри-Ланканың экс-президенті Готабая Раджапакса елден кетті. Келесі күні Сингапурға ұшып келіп, отставкаға кету туралы ресми хат жолдады.

Добавить комментарий