Германия ел азаматтарын Ресейге ат басын бұруды жоспарлауға және бармауға шақырады.
Германия Сыртқы істер министрлігі ел азаматтарын Ресей Федерациясына бармауды сұрайды.
Ведомстводағылар атап өткендей, бұл Украинамен шекараға жақын облыстарға қатысты: Ростов, Краснодар, Курск, Саратов, Воронеж және Волгоград.
Германия Ресей Федерациясында 20-26 ақпан аралығында бірқатар шаралар жоспарланғанын, сондықтан ерекше мұқият және сақ болуды сұрайды.
«Қос азаматтығы бар азаматтар (Ресей мен Германия — ред.) Ресей билігі оларды тек Ресей азаматы ретінде қарастыратынын есте сақтауы тиіс. Бұл Ресей Қарулы күштеріне шақыруға алып келуі мүмкін. Елшілік оларға консулдық қорғау көрсете алмайды , — делінген хабарламада.
СІМ сондай-ақ «Ресей Федерациясында неміс несие карталарын пайдалану, банкоматтардан қолма-қол ақша шешіп алу алу қолжетімсіз екенін айтты. ЕО-дан Ресей Федерациясына кез келген түрдегі ақша аудару қолжетімсіз».