Әлем Шығыс пен Батыс болып бөлінді: БҰҰ Бас хатшысының пікірі

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлем Шығыс пен Батыс болып бөлінеді деп есептейді, бұған ол ҚХР мен АҚШ-тың текетіресі себеп болды деп отыр.

«Әлемдік қауымдастықтың ауызбіршілігінің ауылы алыс. Керісінше, соңғы уақытта біз елеулі геосаяси алшақтық пен сенімсіздікке тап болды. Осының бәрі әлемнің екі ірі экономикасы арасындағы текетіреске байланысты», — деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.

Сондай-ақ, ол Бейжің мен Вашингтонның көптеген мәселелер бойынша көзқарасы әртүрлі екенін атап өтті. Әсіресе, адам құқықтарын қорғау және өңірлік қауіпсіздік мәселесіндегі қос ел арасындағы қарым-қатынастар шиеленісіп тұр.

Сонымен қатар, дүниежүзілік ұйымның бас хатшысының пайымдауынша, «алпауыт экономикалар арасындағы байланыстардың үзілуін болдырмау және болашақта қақтығыстың алдын алу үшін мемлекеттер климат, сауда және технология мәселесінде ынтымақтасуы қажет».

Добавить комментарий