Германия азаматтық алу тәртібін жеңілдетпек. Германия Үкіметі шетелдіктерге ел азаматтығын алу тәртібін әлдеқайда жеңілдететін заң жобасын дайындап жатыр.
Германия канцлері Олаф Шольц ІІМ азаматтық алу туралы заң жобасы «дайын» болып қалды деп мәлімдегеннен кейін азаматтық алу ережесін реформалауға шақырды. Бұл туралы Politico хабарлады.
«Натурализация жақсырақ ережелерді қажет етеді. Әңгіме құрмет және әрине, біздің өркендеуіміз туралы болып отыр. Себебі, азматтық алатын әйелдер мен ер адамдар қуатты экономикаға өз үлестерін қосуда. Олардың неміс азаматтығын таңдағаны жақсы», — деді Шольц.
Канцлер өзінің апта сайынғы үндеуінде иммигрантардың Германияны қалпына келтіру мен нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
«Германия көптеген адам үшін үміт сыйлайтын елге айналды. Германияға келген әйелдер мен ерлер, балалар да экономикамыздың бүгінгідей қуатты болуына зор үлес қосты», — деп атап өтті Шольц.
Басылым азаматтықты алу ережелерін өзгерту үш партиялық коалиция 2021 жылдың желтоқсанында билікке келгенде уәде берген реформалардың бірі екенін еске салды. Аталып өткендей, ІІМ әзірлеген заң жобасы Германияда тұратын шетелдіктерге сегіз жылдың орнына бес жылдан кейін натурализацияға өтініш беруге мүмкіндік береді.
Бұған дейін Шольц алдағы қысқы маусымда РФ-ның Украинадағы соғысынан туындаған еуропалық энергетикалық дағдарыс жағдайында ел энергетикалық қауіпсіздікке кепілдік беретінін мәлімдеген болатын.