Палестина-Израиль қақтығысының шиеленісуі жағдайында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДCҰ) Газа секторында жұмыс істеп тұрған ауруханалар саны қысқарғанын мәлімдеді. 60 күн ішінде госпитальдар саны 36-дан 18-ге дейін азайды, ал олардың үшеуі тек алғашқы көмек көрсетеді. Қалған ауруханалар шектеулі медициналық қызмет көрсетеді.
ДДСҰ-ның бағалауы бойынша, жұмыс істеп тұрған ауруханалар пациенттерді әдеттегі мөлшерден екі-үш есе артық қабылдап жатыр. Оңтүстіктегі он екі госпиталь едәуір қиындықтар мен жүктемеге қарамастан, денсаулық сақтау жүйесінің негізі болып отыр. Медициналық инфрақұрылымның қысқаруы қалыптасқан дағдарыс жағдайында жергілікті халықтың денсаулығы мен әл-ауқатына елеулі қауіп төндіреді.