G7 елдері өзара іс-қимыл орнату үшін шарт қойды

G7 мүшелері өздері атаған шарттар орындалған жағдайда ғана тәліптермен өзара іс-қимыл орнатуға шешім қабылдады.

DW хабарлауынша, егер қозғалыс 31 тамызға дейін Ауғанстаннан кеткісі келетіндердің қауіпсіздігін толық қамтамасыз еткен жағдайда ғана G7елдері «Талибанмен» бірлесіп жұмыс істеуі мүмкін. G7 көшбасшылары 24 тамызда өткен онлайн-саммитте осындай шешімге келді.

Германия канцлері Ангела Меркель виртуалды кездесуде эвакуациялау мерзімін ұзарту туралы мәселе шешілмегенін мәлімдеді.

Саммитте «Үлкен жетіліктің» Ауғанстан жөніндегі саясатын басқа елдермен үйлестіру туралы шешім қабылданды. Бұл «үлкен жиырмалық» тобындағы ынтымақтастық құруды көздейді.

Добавить комментарий