Париждің кассациялық соты қашқын банкир Мұхтар Әблязовқа қатысты сот қудалауын тоқтату ткралы апелляциялық сот қаулысын жарамсыз жеп таныды.
Сот шешіміне сәйкес, қазақстандық босқынның ісі апелляциялық сотта қайта қаралады.
Шешім бойынша істің барлық тараптары апелляциялық сотқа қарасты тергеу палатасының алдында, бірақ жаңа құрамда қайта қаралады.
Еске сала кетейік, Мұхтар Әблязов Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және басқарғаны үшін, сондай-ақ БТА Банкінен ақша жымқырғаны үшін сырттай сотталған болатын. Қазақстан оны экстрадициялаужы талап етуде.
2022 жылдың желтоқсан айында Мұхтар Әблязов Францияда босқын мәртебесінен айырылды.