Минск Польшаны Еуропа елдерін араластырып қақтығыс тудырмақ деп айыптады

Минск Польша мен басқа да бірнеше ел Еуропаны араластырып, Беларусьпен шекарадағы жағдайды шиеленістіруді жоспарлап отыр деп жариялады.

Қорғаныс министрлігінің басшысы Виктор Хренин Беларусь шекарасы маңындағы әскери белсенділіктің миграциялық дағдарысқа ешқандай байланысы жоқ екенін айтты.

Польша және Беларусьпен шекаралас басқа да НАТО елдері шекарада әскерлерінің санын арттырып, және Еуропаны араластырып, жағдайды шиеленістіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Беларусь қорғаныс министрі Виктор Хрениннің жұма күні таратқан мәлімдемесінде айтылған.

«Батыстағы көршілеріміз, атап айтқанда Польша, өздерінің ішкі саяси, сондай-ақ Еуроодақ ішіндегі проблемаларды шешу үшін Еуропаны араластырып, жағдайды шиеденістіруді көздеп отырған сыңайлы», — деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы.

Ол Беларусь шекарасында әскери белсенділіктің миграциялық дағдарысқа ешқандай байланыс жоқ екенін айтты. «Біз Гродненск бағытында, Беларусь Республикасының мемлекеттік шекарасы маңында әскери қызметтің жанданғанын айытп өтейік, батыс шебінде саны 15 мыңнан асатын топ құрылды», — деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің басшысы.

Хренин аумақтық қорғаныстың екі бригадасының бөлімшелері мен басқару органдарын қамтитынын айтты, Кузница елді мекені маңында Польша Қарулы Күштерінің 16-шы механикаландырылған дивизиясының өрістеуі байқалды.

Қорғаныс министрі сондай-ақ Беларусь-Литва шекарасында әскери белсенділік байқалғанын хабарлады. «Ресей Федерациясымен барлау органдары желісі бойынша өзара іс-қимыл қорытындымызды растайды», — деп қорытындылады Беларусь Қорғаныс министрлігінің басшысы.

Добавить комментарий