Франция СІМ Украинаның ЕО-ға қосылуы 20 жылға созылады деп хабарлады

Франция Сыртқы істер министрлігінің өкілі Украинаның Еуроодаққа қосылу процесі жиырма жылды қажет етеді деп санайды.

Бұл туралы Франция СІМ жанындағы еуропалық істер жөніндегі министр-делегат Клеман Бон Radio J эфирінде мәлімдеді.

«Шыншыл болу керек. Егер біз Украина ЕО-ға 6 айдан кейін, бір жылдан немесе екі жылдан кейін кіреді десек, ол шындыққа жанаспайды. Бұл 15 немесе 20 жылға созылуы мүмкін», — деді Францияның Еуропа істері жөніндегі вице-делегаты Клеман Бон.

ЕО-ға қосылуға ниет білдіріп отырған Украина мен басқа да елдер артықшылықтарға ие болады, деп есептейді министр. Мәселен, Франция президенті Эмманюэль Макрон 9 мамырда Украинаны ЕО-ға қабылдау процесі бірнеше жылға немесе тіпті ондаған жылдарға созылуы мүмкін деп ескертті. Ол Украинаны қамтитын жаңа «еуропалық саяси қауымдастық» құруды ұсынды.

Қазіргі таңда Еуроодаққа 27 ел мүше. Олардың қатарында Франция, Германия, Швеция, Польша, Бенилюкс және Балтық жағалауы елдері, сондай-ақ Чехия мен Эстония бар.

Добавить комментарий