Тедрос Адхан Гебрейесус: «Әлем COVID-19 пандемиясының күрделі кезеңіне өтіп отыр»

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирустың әлемде таралуына байланысты күрделі жағдай туралы мәлімдеді.

«Біз бұл пандемияның күрделі кезеңінде тұрмыз, әсіресе Солтүстік жарты шар. Алдағы бірнеше ай өте қиын болады және кейбір елдер қауіпті жолға түседі. Көптеген елдерде аурудың күрт өсуі байқалады, енді бұл ауруханалар мен қарқынды терапия бөлімшелерінің шектен тыс жұмыс істеуіне немесе өз мүмкіндіктерінен асып түсуіне алып келеді», — деп мәлімдеді ДДҰ басшысы брифинг кезінде.

Ол кезекті рет ел басшыларын өлім-жітімнің өсуіне, негізгі денсаулық сақтау қызметтерінің дағдарысына және мектептердің қайта жабылуына жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырды.

ДДСҰ-ның бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан да брифинг барысында қарашаның соңына қарай COVID-19-дың бір немесе екі вакцинасы сынақтың үшінші кезеңінің қорытындысы бойынша мәлімет алатынын мәлімдеді. Бұл препаратты төтенше жағдайлар кезінде қолдануға кеңес беруге болады

Оның айтуынша, алдын ала мәліметтердің негізінде мемлекет билігі вакциналарды төтенше жағдайларда қолдануды ұсынатын-ұсынбайтынын шеше алады.

23 қазанда COVID-19 індетінің әлемдегі күн сайынғы өсімі бойынша жаңа рекорд тіркелді, бүкіл әлем  бойынша — 445 419 оқиға. Әлемде пандемия басталғалы бері коронавирустың 41 570 883 оқиғасы анықталып, 1 134 940 адам қайтыс болды.

Добавить комментарий