Финляндия Парламенті Ресей Федерациясымен арадағы шекарада дуал тұрғызу туралы шешім қабылдады.
Жобаның мақсаты — «ерекше жағдай» орын алғанда баспана сұрайтындардың ағынынан ұзындығы 1300 шақырым болатын шекараны жабу. Бұл туралы Reuters жазады.
Аталған бастаманы фин парламентінің білікті көпшілігі мақұлдады. Бұл заң жеделдетілген процедура бойынша қабылданғанын білдіреді. Финляндия билігі босқындарға қатысты мәселені болдырмау және баспана сұраушылардың ағымын реттеу қажет екенін түсіндіреді.
Шекара қызметіне дуал тұрғызуға қосымша қаржы бөлінеді.