Кеңес және қазақстандық филолог-ғалым Сұлтан Оразалиннің қайтыс болды.
Ғалымның қазасын ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева естіртті.
Сұлтан Оразалин сәуір айында 80 жасқа толған.
Ол отандық телевизия мен радиода аға және бас редактор болып қызмет атқарған. Теледидарда трансляцияланған жүздеген әдеби сценарий мен телевизиялық пьеса жазды.
Сұлтан Оразалин қазақ мәдениетінің дамуына, әсіресе мемлекеттік тіл саясатының бірыңғай үлгісін қалыптастыруға баға жетпес үлес қосты.
«Оразалин Қазақстандағы көркем телевизияның негізін салушылардың бірі. Оған Халықаралық телевизия және радио академиясының академигі, өнертану профессоры атағы берілді, Ол ҚР Журналистер одағы сыйлығының және Абай атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың иегері. Тәуелсіздік алған жылдары президент Нұрсұлтан Назарбаев Тіл комитетін құру туралы жарлық шығарғанда, алғаш рет ұйымдастырылған ведомствоның бірінші басшысы Оразалин болды», — деп жазды «Казахстанская правда».