exit poll нәтижесі бойынша Мәжіліске үш партия өтті

Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың соңғы қорытындысын жеті күн ішінде — 2021 жылдың 17 қаңтарына дейін шығарады.

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы сайлау нәтижелері дауыстарды санау аяқталғаннан кейін жарияланатынын айтты. Дауыс берушілерге жүргізілген сауалнама (exit poll) қорытындысы бойынша алдын ала мәліметтерге сәйкес Парламент Мәжілісіне үш партия өтті: Қазақстан Халық партиясы, Nur Otan партиясы және Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы.

Мәжіліске өту үшін партиялар 7% кедергіні еңсеруі тиіс. Сайлаушылардың сауалнамасына сәйкес, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы 5,75%, «Адал» саяси партиясы 3,07% жинаған.

10 қаңтар күні қазақстандықтар 14 аймақта және республикалық маңызы бар үш қалада 10 мыңнан астам сайлау учаскесінде дауыс берді. Шетелдегі отандастарымыз да дауыс берді — олар үшін 51 елде 66 учаске ашылды.

10 қаңтар сағат 22:00-дегі жағдай бойынша учаскелерге келу 63,3%-ды құрады.

Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың соңғы қорытындысын жеті күн ішінде — 2021 жылдың 17 қаңтарына дейін шығарады.

Добавить комментарий