Ресейде ұшақ апатынан қаза тапқан «вагнершілердің» басшысы Евгений Пригожиннің жерлеу рәсімінің егжей-тегжейлері құпия болып отыр. Дереккөздерден алынған ақпарат бойынша, жерлеу уақыты мен орны құпия болып отыр. Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл ақпаратты растап, ол да ешнәрседен хабардар емес екенін айтты.
«Бәрі де құпия. Бізді хабардар етпей отыр. Қолхат бойынша жүзеге асырылуда (ешкімге айтпау туралы — Фонтанка)», — деп түсіндірді дереккөз.
Кейбір дереккөздердің мәліметі бойынша, Евгений Пригожиннің жерлеу рәсімі Санкт-Петербургтегі Солтүстік зиратта өтуі мүмкін. Бұл жерге «вагнершілер» жиналуда. Ресми расталған ақпарат болмауына қарамастан, онда аталған қозғалысқа қатысы бар адамдар келіп жатыр.
Кремльдің мәлімдеуінше, Ресей президенті Владимир Путин жерлеу рәсіміне қатыспайды.
Естеріңізге сала кетейік! «Вагнер» компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожин мен оның қолбасшысы Дмитрий Уткин ұшақ апатына ұшырағаннан кейін Ресей қалаларында оны еске алуға арналған мемориалдар пайда болды. Адамдар оларға гүл шоқтарын, шам жағып, ЖӘК символикасы мен оның негізін қалаушының портретін қоюда.
Алғашқы мемориалдардың бірі Петербургте — Пригожиннің туған қаласындаға «Вагнер Орталығында» пайда болды.