Лондон соты Ассанжды АҚШ-қа экстрадициялауға ордер берді

Лондондағы Вестминстер магистраторлық соты WikiLeaks ұйымның негізін қалаушысы Джулиан Ассанжды АҚШ-қа экстрадициялауға ордер берді.

Енді бұл қаулыны Ұлыбритания ішкі істер министрі Прити Пател бекітуі керек.

Егер министр экстрадициялау туралы шешім қабылдаса, Ассанждың адвокаттары Лондонның Жоғарғы сотына апелляция түсіре алады. Олар құжаттарды 18 мамырға дейін тапсыруға міндетті.

АҚШ прокуратурасы Ассанжға тыңшылық жасады деген 17 айып тағып, WikiLeaks сайтында мыңдаған әскери және дипломатиялық құжаттарды жариялауға байланысты компьютерлерді заңсыз пайдаланды деген бір айып тақты.

 

Добавить комментарий