Еуропарламентте еліміздің дәстүрі мен мәдениеті туралы баяндайтын экспонаттар қойылды. Ғимараттың кулуарына плакаттар, шапандар мен ұлттық аспаптар тұр.
Үш күн бойы Еуропарламент депутаттары мәжіліс залына өтетін бөлмеде еліміздің ұлттық әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерімен танысады.
Келушілер киіз үй туралы біліп, қазіргі Қазақстанды фотосуреттерден көре алады.
Көрменің бастамашысы Еуропарламент депутаты және әлеуметтік мәселелер және жұмыспен қамту комитетінің мүшесі Хельмут Гойкинг болды. Ашылу салтанатында Қазақстан елшісі Марғұлан Баймұхан сөз сөйледі.
«Біздің сауда, көлік, энергетика, энергетикалық транзит және климат мәселелері бойынша ортақ мақсаттар бар. Келер жылы біз Еуропалық одақ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуын атап өтеміз және бұл біздің болашаққа жоспарларымызды айқындап, қортыныдылауға негіз болды», — деп мәлімдеді өз сөзінде елші Марғұлан Баймұхан.