ҰҚТ мүшелері кәмелетке толмағандарды жыныстық қызмет көрсету мақсатында сатқан


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/09/speech-38289-1662993540-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Қазақстанда Шымкент, Тараз және Түркістан қалаларында жыныстық қызмет көрсету мақсатында кәмелетке толмағандарды сатты деген күдікпен ҰҚТ мүшелері ұсталды.

Қыркүйек айында өткен кең ауқымды “Stop-трафик” операциясы барысында полиция қызметкерлері адам саудасына байланысты 20-дан астам қылмысты анықтады.

Оның ішінде біреуі қанау мақсатында адамды ұрлау фактісі бойынша, адам саудасы бойынша – 3, жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі – 4, оның ішінде 2 кәмелетке толмағанды жезөкшелікке тарту фактісі бар, кәмелетке толмағандарды сатудың 5 дерегі тіркелді.

Жезөкшелікпен айналысуға және жеңгетайлыққа арналған притондарды ұйымдастырудың немесе ұстаудың 28 фактісі анықталды.

Бұдан басқа, жезөкшелікпен айналысуға және жеңгетайлыққа әдейі үй-жайлар бергені үшін 20 әкімшілік құқық бұзушылық және интимдік қызметтер мен қайыр сұрауға байланысты 294 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

Шымкент қаласының ПД полиция қызметкерлері құрамында 11 адам бар ұйымдасқан топтың жолын кесті. Олар ұзақ уақыт бойы Шымкент, Тараз және Түркістан қалаларының аумағында жыныстық пайдалану мақсатында адам сатумен, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқан.

Аталған факті бойынша ұйымдасқан топ құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу, адам саудасы, кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту, притонқұру, жеңгетайлық баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.

Жас қыздарды Қазақстанның түрлі қалаларынан “ВКонтакте” әлеуметтік желісі арқылы жұмысқа қабылдағандығы, онда жақсы еңбек жағдайларымен жоғары ақы төленетін жұмыс ұсынғандары анықталды. Кейін алдау және сенімге қиянат жасау, құжаттарды алып қою арқылы жезөкшелікпен айналысуға тартылған, кейіннен қаланың жалдамалы пәтерлерінде, сауналарында және қонақ үйлерінде одан әрі пайдалану үшін оларды сату және алмасу жүргізілген, алынған табысты өздері кемденіп отырған.

Тыңдамаған жағдайда зорлық-зомбылық көрсеткен, бопсалап, ойдан шығарған айыппұлдар салған, есірткіні қолдануға мәжбүрлеген.

Алматыда полиция қызметкерлері жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында заңсыз асырап алу мақсатында жаңа туған балаларды сату фактілерін анықтады.

Өткізілген іс-шаралар барысында алдын ала сөз байласқан адамдар тобы өздерінің балаларынан бас тартқысы келетін жүкті әйелдерді және бала жоқ отбасылық жұптарды іздестірумен, сондай-ақ балалардың тууы туралы жалған куәліктерін дайындаумен айналысқаны анықталды.

Бұл дерек бойынша кәмелетке толмағандарды сату бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Маңғыстау облысында күш қолдану арқылы 30 жастағы қызды жыныстық қанау мақсатында ұрлап кеткен 43 жастағы ер адам ұсталды.

Абай облысында 32 жастағы әйел анықталып, ұсталды. Ол үш апта бойы алдау жолымен 17 жастағы баланы жезөкшелікпен айналысуға тартып, табысын өзі алған. Аталған факті ҚР ҚК-нің 134-бабының 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша СДТБТ-де тіркелді, тергеу жүргізіледі.

Қостанай облысының қызметкерлері жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін салонның жалға алынған үй-жайын ұсынған массаж салонының әкімшісін ұстады. Аталған факті бойынша ӘҚБтК-нің 450-бабының 1-бөлігі (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жай беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Добавить комментарий