Бірнеше еуропалық елдерде бала саудасына қарсы полиция операциясы өтті. Операция нәтижесінде 388 күдікті ұсталды. 249 ықтимал құрбан табылды, деп хабарлайды DW Еуроодақтың Еуропол полиция қызметіне сілтеме жасап.
Операция қазан айында Ұлыбритания, Португалия және Испанияның құқық қорғау органдарымен бірлесіп Еуропалық сыртқы шекараларды қорғау агенттігінің қолдауымен жүргізілді.
«Операция балалар саудасымен жыныстық зорлық-зомбылық, оларды жұмыс күші ретінде немесе қайыр сұрауға пайдалану мақсатында айналысқан ұйымдасқан қылмыстық бандаларға қарсы бағытталды. Сонымен қатар, балаларды қылмыскерлер түрлі қылмыстар, атап айтқанда контрабандалар жасау үшін пайдаланды», — делінген Еуропол мәліметінде.
Балалар саудасымен айналысатын қылмыстық бандалар көптеген елдерде бар және балаларды ротация жүйесі бойынша бір-біріне береді. Көбіне еуропалық емес елдерден шыққан кәмелетке толмаған босқындар осындай бандалардың құрбаны болып жатады.