Еуроодақ Ресейге қарусыздануды ұсынады

ЕО сыртқы саяси қызметінің өкілі Петер Стано Еуропаның ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы көпжақты процессті қолдау үшін тынымсыз жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады.

РФ президенті Владимир Путиннің Ресей шетелдік серіктестерге жаһандық тұрақтылық мәселелерін талқылауды және «қауіпсіздік теңдеуін» әзірлеуді ұсынған мәлімдемесіне түсінік бере отырып, Петр Стано ЕО Ресейге екіжақты диалог ұсынатынын хабарлады.

«ЕО ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы көпжақты процессті қолдау бойынша табанды жұмыс атқаруда. Біз ондаған мемлекетпен ядролық
қаруды таратпау және қарусыздану бойынша диалог жүргізіп келеміз және ресейлік тарапқа осы мәселелер бойынша екіжақты диалогты жандандыруды ұсындық», — деді ол.

Сонымен қатар, Станоның айтуынша ЕО «Ресей мен АҚШ арасындағы стратегиялық тұрақтылық туралы келіссөздерді қолдайды». «Біз Ресей мен АҚШ арасындағы стратегиялық тұрақтылық туралы келіссөздерді қолдаймыз. Осының бәрі сындарлы пікір алмасу, бір-бірінің ұстанымдарын түсіну, мәселенің шешімін табу және әлеуетті ынтымақтастық үшін маңызды жағдай», — деп толықтырды ол.

Естеріңізге сала кетейік! 21 сәуірде Ресей президенті Владимир Путин Федералдық жиналыстағы жолдауында Ресей шетелдік әріптестеріне жаһандық тұрақтылық мәселелерін талқылап, «қауіпсіздік теңдеуін» әзірлеуді ұсынатынын мәлімдеді.  Оның айтуынша, «мұндай келіссөздердің мақсаты дәстүрлі стратегиялық қару-жарақ, құрлықаралық баллистикалық зымырандар, ауыр бомбалаушылар мен су асты қайықтары ғана емес, сонымен қатар олардың жасақталуына қарамастан стратегиялық міндеттерді шеше алатын барлық шабуыл және қорғаныс жүйелерін қамтитын» қауіпсіздік теңдеуі «негізінде соғыссыз өмір сүру ортасын құру болуы мүмкін». Президент Ресей әрқашан кең ауқымды мемлекетаралық ынтымақтастық үшін ашық екенін атап өтті.

Добавить комментарий