Харьков облысы: УҚК 50 шақырымға алға жылжыды

УҚК Бас штабы Харьков облысында Ресей әскерилері кері шегініп, жарақат алғандар сарбаздарды эвакуациялап, зақымданан техникаларды әкеиіп жатқанын хабарлады.

УҚК Бас штабы Харьков бағытындағы контршабуыл барысында украиналық әскерилер үш күн ішінде 50 шақырымға алға жылжығанын мәлімдеді.

Қорғаныс күштері Харьков бағытында контршабуылды сәтті жүргізуде. Украина Қарулы Күштерінің епті және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында үш күнде шамамен 50 шақырымға алға жылжыды. Барлау қызметінің мәліметі бойынша, жау күштерінің жекелеген бөлімшелері айтарлықтай шығынға ұшырады, делінген УҚК Бас штабының хабарламасында.

Сондай-ақ, РФ әскерилері жарақат алғандар сарбаздар мен зақымданған әскери техниканы Ольховатка және Бородоярский аудандарына әкетуге тырысып жатқанын айтты.

«Жау әскерінің жеке құрамы азаматтық киіммен қашып, РФ аумағына оралуға тырысып жатыр. Бір тәулік ішінде осындай 15-тен астам оқиға орын алды», — деп хабарлады Бас штаб.

УҚК баспасөз қызметі Қорғаныс күштерінің авиациясы өткен тәулікте жерүсті топтарының іс-қимылын қолдау үшін РФ әскерлеріне 20-дан астам соққы бергенін, екі взводтық тірек пункті, сарбаздар мен әскери техника шоғырланған 15 аудан, сондай-ақ үш ЗРК соққыға ұшырағанын атап өтті.

Сонымен қатар, төрт ҰҰА мен Ка-52 тікұшағы жойылды.

Добавить комментарий